• Корь!


    ҚЫЗЫЛША — ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯ.
    БАЛАҢЫЗДЫ ҚОРҒАП ҮЛГЕРІҢІЗ!

    Қызылшаны қалай тануға болады:
    Қызылша — дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру.
    Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.
    Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады;
    · бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
    · екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
    · үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.

    Аурудың көзі:
    Инфекция көзі — науқас адам. Вирус ауа — тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қашықтықққа таралуы мүмкін.
    Қызылшамен ауыратын науқас болған үй — жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін.
    Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады.

    Қызылша қауіпті:
    Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады. Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады.
    Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.
    Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырған жағдайда:
    — катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;
    — ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту
    — дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу
    — жөтелген және түшкіргшен кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу
    — тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану , өзін — өзі емдемеу қажет!
    !!! Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше — науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

    Құрметті ата — аналар!
    Қазақстан Республикасының халқы арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды.
    Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундауды (бұдан әрі – қызылшаға қарсы ҚЖИ) жүргізу жұмысы басталды, сонымен қатар 5 желтоқсаннан бастап қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларға, сондай-ақ қызылшаға қарсы профилактикалық иммундауы жоқ медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне қызылшаға қарсы ҚЖИ жүргізу жұмысы іске асырылуды.
    Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі
    вакцинация болып табылады!!!

    Написать комментарий →
  • Запись на приём к врачу

    Теперь Вы можете записать на прием к врачу общей практики по интернету. Оставьте заявку и обязательно ваш контактный телефон.
    Заполнить форму
  • Вызов врача на дом

    Если Вы не можете явиться на приём в нашу поликлинику по состоянию здоровья, вызовите врача на дом, заполнив простую контактную форму.
    Заполнить форму
  • Перезвонить Вам?

    Вы не дозвонились в регистратуру? Оставьте свой номер телефона и мы обязательно Вам перезвоним в ближайшее время.
    Оставить номер