• Дүние жүзілік Инсультқа қарсы күні бойынша өткізілген іс-шаралар

    Жыл сайын 29 қазанда дүниежүзі бойынша Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді.Бұл күн  2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күрес Ұйымымен,  тұрғындардың инсульттан өлуін азайту және тұрғындардың инсульттың мәселелері туралы хабардар болуы  мақсатындабекітілген.

    Осыған орай 26 қазанда Мечта сауда үйінде Емхана әкімшілігімен ұйымдастырылған  кең ауқымды акция жүргізілді, іс-шара барысында тұрғындарға тегін түрде Қан қысымы , қандағы холестерин және қант мөлшері анықталды. Сауда үйінде болған адамдарға ақпараттық материалдар және салауатты өмір салтын ұстану ережелері ескертіліп таратылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары ерекше аталып өтіп , арнайы түрде ролл-ап орнатылып сол бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

    Инсульт — бас миына қанның келуі тоқтаған жағдай, артериялардың жабылып қалуы немесе тамырдың қабырғасы жарылып қан құйылғанда жүйке жасушасының өлімі немесе зақымдалуы болады; мидың қанайналымының бұзылуының тез дамитын, мидың ұлпаларының зақымдалуы мен оның қызметінің бір уақытта бұзылуы. Дүниежүзілік денсаулықсақтау Ұйымы инсультты ғаламдық эпидемия деп жариялады. Өліммен аяқталатын саны бойынша инсульт миокард инфаркттынан кейін  тұрақты екінші орынды иеленеді.

    Осыған орай Дүниежүзілік инсультпен күрес күні шараларының аясында инсульттың алдын алу, ескерту шаралары туралы, алғашқы көмектің дұрыс әрі уақытылы көрсетілуінің маңыздылығы туралы тұрғындардың хабардар болуын жоғарлату.

     Акция барысында жалпы 53 адамға қызмет көрсетілді оның ішнде  : 

    • Артериалды қан қысымы жоғары – 18 адам 
    • Холестерин жоғары – 10 адам 
    • Қант мөлшері жоғары – 10 адам . 

    1 2  4

     

    Написать комментарий →
  • Запись на приём к врачу

    Теперь Вы можете записать на прием к врачу общей практики по интернету. Оставьте заявку и обязательно ваш контактный телефон.
    Заполнить форму
  • Вызов врача на дом

    Если Вы не можете явиться на приём в нашу поликлинику по состоянию здоровья, вызовите врача на дом, заполнив простую контактную форму.
    Заполнить форму
  • Перезвонить Вам?

    Вы не дозвонились в регистратуру? Оставьте свой номер телефона и мы обязательно Вам перезвоним в ближайшее время.
    Оставить номер