• АУТИЗМ

    WhatsApp Image 2025-04-09 at 12.52.06 (1) WhatsApp Image 2025-04-09 at 12.52.06

    Назар аударыңыз:

    Аутизм/АСБ — әлеуметтік қарым — қатынас дағдыларының бұзылуымен және шектелген немесе қайталанатын мінез — құлық үлгілерімен немесе қызығушылықтарымен сипатталатын нейропсихиатриялық дамудың бұзылуы.

    Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 12 мыңнан астам АСБ бар бала тұрады және «WorldPopulationReview» мәліметтері бойынша Қазақстандағы әрбір 124 — ші бала аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегеді.

    АУТИЗМ спектрінің бұзылуы (АСБ)

    Егер сіздің баланыз бір жастан асқанда:

    • Кез — келген әлеуметтік немесе қарым — қатынас дағдыларын жоғалтты (сөйлеуді, көзге қарауды, атына жауап беруді)
    • Үнемі немесе жиі өзіңе бағытталған сөйлеуді естімейтіндей әрекет етеді
    • Сіздің назарыңызды өзіңе қызық болып тұрған затқа аудармайды (сіз көрсетіп тұрған затқа қарамайды)
    • Ойыншықтармен ойнамайды, стандартты емес түрде ойнайды (машинаның дөңгелектерін айналдырады, заттарды бір қатарға қояды және т.б қызықсыз ойын)
    • 2 жаста сөйлемейді (екі немесе одан да көп сөздердің тіркесі)
    • Басқа балалармен ойнамайды
    • Басқалардың іс — әрекетіне еліктемейді
    • Меңзеу қимылы жоқ
    • Қауіпті түсінбейді
    • Гиперактивті, тым пассивті
    • Жиі ашуланады

    Егер сіздің баланызда осы белгілердің 2 — нен астамы болса, дереу педиатрға немесе балалар психиатрына бару ұсынылады.

    МАҢЫЗДЫ! Бала аутизмі спектрінің бұзылуы (АСБ) диагнозын тек балалар психиатры қояды. Дәрігерлер балаға аутизм диагнозын қоймаса да, бірақ сізде күмән болса — мұндай балалармен тікелей жұмыс істейтін мамандарға (психиатр, АВА — терапевт) хабарласыңыз. Дұрыс қойылған түзету жұмыстарымен мұндай бала қоршаған ортаға сәтті бейімделе алады.

    Аутизм/АСБ туралы не білу керек:

    • Аутизмі бар бала табыс деңгейіне, білім деңгейіне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан кез — келген отбасында туылуы мүмкін.
    • Аутизмнің алғашқы белгілері 1 — 3 жас аралығында байқалады.
    • Аутизм/АСБ ауру емес, бұл психикалық дамудың бұзылуы. Аутизм/АСБ емделмейді. Ерте диагностика, оңалту және педагогикалық қолдау аутизмі/АСБ бар балаға көмектесе алады.
    • Аутизмі/АСБ бар адамдар айналасындағылары үшін қауіпті емес. Аутизм белгілері адамдардың көпшілігінде аз мөлшерде кездеседі.
    • Аутизмі/АСБ бар балалар қоғамға нашар бейімделген, олар басқа адамның көңіл күйі мен сезімін түсіне алмайды. Олар адамдар арасындағы қарым — қатынастың кейбір жағдайларды әрең қабылдайды.
    • Аутизмі/АСБ бар кейбір адамдар дұрыс оңалту арқылы тәуелсіз өмір сүруге, отбасын құруға және достық қарым қатынас орнатуға мүмкіндік алады.
    • Ерте жасалған диагностика және білікті көмек аутизмі бар бала және оның отбасы үшін жақсы өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде шешуші рол атқарады.

    Бірнеше маңызды сәттер:

    • Ерте жасалған диагностика: балада аутизм/АСБ ерте анықталса, соғұрлым жеке түзету бағдарламаларын ертерек бастауға болады

    Білікті түзету: диагноздан кейін жеке қолдау бағдарламасын жасау үшін мамандармен байланысу маңызды. Бұл бағдарлама баланың қажеттіліктерін қанағаттандырады, мінез — құлықты түзету әдістерін қамтиды және баланың өміріне қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі.

    Отбасын қолдау: ата — аналар мен басқа отбасы мүшелері де қолдау мен оқуды қажет етеді. Психологтармен, тәрбиешілермен және басқа мамандармен жұмыс істеу ата  аналарға диагнозды қабылдауға, сондай — ақ баласына қалай қолдау көрсету керектігін және оның мінез — құлқы мен дамуын түзету үшін қандай әдістерді қолдану керектігін түсінуге көмектеседі.

    Потенциалды дамыту: ерте жасалған диагностика және ерте түзету арқылы аутизм/АСБ бар бала өз әлеуметін дамытып, өмірдің әртүрлі салаларында жетістіктерге жете алады.

    Написать комментарий →
  • Запись на приём к врачу

    Теперь Вы можете записать на прием к врачу общей практики по интернету. Оставьте заявку и обязательно ваш контактный телефон.
    Заполнить форму
  • Вызов врача на дом

    Если Вы не можете явиться на приём в нашу поликлинику по состоянию здоровья, вызовите врача на дом, заполнив простую контактную форму.
    Заполнить форму
  • Перезвонить Вам?

    Вы не дозвонились в регистратуру? Оставьте свой номер телефона и мы обязательно Вам перезвоним в ближайшее время.
    Оставить номер