21.02.2019жылы Қарағанды қаласының №3 Емханасында медбике ісі бойынша….
21.02.2019жылы Қарағанды қаласының №3 Емханасында медбике ісі бойынша директордың орынбасары А.К.Кузеуованың және медбикелер кеңесінің қатысуымен кезекті медбикелік конференция өткізілді. Конференцияда келесі өзекті тақырыптар талқыланды: «Ерте жастағы балалардың респираторлы инфекциямен сырқаттануы, оның ағымдары» баяндаушы педиатриялық орталықтың аға медбикесі Р.Р.Ламбекова, «Сырқаттану. Науқастың психологиясы. Денсаулыққа деген жүйелі көзқарас» баяндаушы алдын-алу бөлімшесінің аға медбикесі А.С.Садуакасова.
Медбике ісі бойынша директордың орынбасары А.К.Кузеуова отырыс барысында орта медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым қатынастарын, еңбек тәртібін, бөлімшелердің арасындағы сабақтастықты қарастырды. Конференцияны емханамыздың медбикелеріне науқастардан келген алғыс хаттарды оқумен тәмәмдады.