РАКҚА ҚАРСЫ ЖЕКЕ ДАРАЛАНҒАН ВАКЦИНА: АЛҒАШҚЫ ОҢ НӘТИЖЕ
Онкология саласында үміт сыйлайтын жаңалық!
2026 жылғы 12 қарашада жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ресейде меланоманы емдеуге арналған «Неоонковак» атты дербестендірілген мРНҚ-онковакцинасын қабылдаған алғашқы пациент емдеу курсын аяқтады.
Ғалымдардың мәліметінше, пациентте бұрын анықталған метастаздар қазіргі уақытта байқалмайды. Соңғы төрт ай бойы жүргізілген бақылау барысында жаңа ісік түзілімдері де анықталмаған.
Онковакцина қалай жұмыс істейді?
«Неоонковак» әр пациенттің ісік жасушаларының генетикалық ерекшеліктеріне сәйкес жеке дайындалады. Оның мақсаты – адамның иммундық жүйесін қатерлі ісік жасушаларын танып, оларға қарсы күресуге үйрету.
Бұл жаңалық неліктен маңызды?
Дербестендірілген медицина онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа мүмкіндіктерін ашуы ықтимал. Дегенмен, бұл әзірге алғашқы клиникалық нәтижелердің бірі. Пациент дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады, ал вакцинаның ұзақ мерзімді тиімділігі әлі де зерттелуде.
Есте сақтаңыз: онкологиялық ауруларды ерте анықтау, профилактикалық тексерулерден өту және дәрігерге уақытылы қаралу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамдары.
Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!
Қарағанды қаласының №3 емханасы
Написать комментарий →