• ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛАЛАР КҮРДЕЛІ ҚАН ТАМЫРЫ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ ҮШІН ШЕТЕЛГЕ БАРМАЙ-АҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ

    Қазақстанда күрделі тамырлық мальформациясы бар балаларды емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдісі енгізілуде. Бұған дейін мұндай медициналық көмектің жекелеген түрлерін алу үшін кішкентай пациенттер шетелдік клиникаларға жіберілетін. Енді бұл емдеу түрі Қазақстанның өзінде қолжетімді болады.

    Тамырлық мальформациялар – қан тамырларының туа біткен даму аномалиялары. Күрделі жағдайларда оларды емдеу үшін жоғары технологиялық медициналық әдістерді қолдану қажет.

    Елімізде жыл сайын осы бағыт бойынша стационарлық ем қабылдайтын балалардың саны 1,2 мыңнан асады. Соңғы бес жылда 90 бала ем алу үшін шетелге жіберілген.

    Жаңа технология Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында енгізілуде. Алғашқы кезеңде мұнда жыл сайын шамамен 50 балаға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету жоспарланып отыр.

    24 және 25 қараша күндері Орталық базасында неміс профессоры Вольгемуттың қатысуымен шеберлік сабақтары өтуде. Қазақстандық мамандар шетелдік сарапшымен бірлесіп, жаңа әдістемені меңгеріп, оны отандық тәжірибеде өз бетінше қолдану үшін практикалық дағдыларды игеруде. Екі күн ішінде шеберлік сабақтары аясында күрделі тамырлық мальформациясы бар сегіз балаға хирургиялық операция жасалды.

    Айта кету керек, Қазақстан бұл технологияны енгізетін әлемдегі екінші ел атанады. Бұл отандық жоғары технологиялық медициналық көмекті дамытуға ғана емес, еліміздің медициналық туризм саласындағы әлеуетін арттыруға да жаңа мүмкіндіктер ашады. Алдағы уақытта Қазақстан күрделі тамырлық мальформацияларды емдеуді қажет ететін өз балаларына ғана емес, басқа елдердің кішкентай пациенттеріне де мамандандырылған медициналық көмек көрсете алады.

    Қажетті медициналық жабдықтар AYALA және «Смелость быть первым» қайырымдылық қорларының қолдауымен сатып алынды. Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын сақтау және балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған жобаларды қолдауға қосқан үлесі үшін қорларға алғыс білдіреді.

    Написать комментарий →
  • Запись на приём к врачу

    Теперь Вы можете записать на прием к врачу общей практики по интернету. Оставьте заявку и обязательно ваш контактный телефон.
    Заполнить форму
  • Вызов врача на дом

    Если Вы не можете явиться на приём в нашу поликлинику по состоянию здоровья, вызовите врача на дом, заполнив простую контактную форму.
    Заполнить форму
  • Перезвонить Вам?

    Вы не дозвонились в регистратуру? Оставьте свой номер телефона и мы обязательно Вам перезвоним в ближайшее время.
    Оставить номер