АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ – ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ИГІЛІК
Ағза донорлығы – ауыр дертке шалдыққан адамдардың өмірін сақтап қалуға және өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды медициналық бағыт.
Қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы мәселесінде әрбір азаматтың ақпараттандырылған шешімі мен жеке таңдауы маңызды.
Осыған байланысты Қарағанды қаласының №3 емханасы тұрғындар арасында ағза донорлығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Біздің мақсатымыз:
* Ағза донорлығы туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат тарату;
* Тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру;
* Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық тәртібі туралы түсіндіру;
* Азаматтардың жеке көзқарасы мен таңдау құқығын құрметтеу.
Ең бастысы, ағза донорлығы – ерікті шешім. Бұл мәселеде ешқандай мәжбүрлеуге жол берілмейді. Әр адамның таңдауы, жеке сенімі және құпиялылығы құрметтелуі тиіс.
Ақпараттанған қоғам – саналы таңдау жасайтын қоғам!
🏥 Қарағанды қаласының №3 емханасы
Написать комментарий →